Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  1798


Автор: Жібек Ысқақова

ҚЫРЫҚ ЖАСЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, НҰРЖАН АҒА!

Асқар тау әкеміздей пана болған,
Біздерге жанашыр жан аға болған.
Жан бауырым, ардағым Нұржан аға,
Қашанда болатұғын бізге қорған.

Биыл міне мерейтойың, қырық жас,
Бақ тілеймін ағатайым сарқылмас.
Қырық жасың қуанышпен тербелеп,
Шаттық, бақыт бере берсін таусылмас.

Құтты болсын жан аға қырығыңыз,
Қырықтың гүл бағында қыдырыңыз.
Деніңіз сау, амандықта жүріңіз тек,
Алла қолдап ұзақ боп ғұмырыңыз.

Елу мен алпыс жаста шаттық болсын,
Жетпісте деніңіз сау, жастық болсын.
Би билеп ортада жүр сексен жаста,
Тоқсанда сергек жүрер баптық болсын!

Жетіңіз ағатайым жүз жасқа сіз,
Жүрейік амандықта қуанып біз.
Жаратқаным жар болып баршамызға,
Бастысы аман болсын жақынымыз.

Шаңырағың шаттыққа толы болсын,
Жоғары боп жан аға көңіл-қошың.
Жеңгеммен қол ұстасып биік самға,
Қасыңда боп ағайын, жақын досың.

Жібек Искакова, 28.02.2023 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу