Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  713


Автор: Серікбай Оспанов

Табиғаттан сабақ ал

Байқайсың ба əндерден,
Байқайсың ба күйлерден?
Бəріне адам мəн берген,
Табиғаттан үйренген.
Əн-күйде – жел гуілі,
Жапырақтың сыбдыры.
Орман-тоғай шуылы,
Аққан судың сылдыры...
Адам ойшыл, талапты,
Көргенді есте ұстайды.
Тұмсықты, екі қанатты
Ұшақ құсқа ұқсайды.
Өнер, білім – халықта,
Адам зерек, байыпты.
Ұқсатқан ғой балыққа
Көр, сүңгуір қайықты.
Көрсей, жейде кигенде,
Секілді ғой түйме-гүл...
Табиғаттан үйрен де,
Табиғатты сүйе біл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу