31.03.2023
  180


Автор: 365 күн

20 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін барша адамзат көңілді әрі қызықты мереке – Халықаралық цирк күнін атап өтіп жатыр. Циркте болған әр бала есейгенде сахналық өнерді меңгеріп, сегіз қырлы, бір сырлы цирк әртісі болуды армандайды. Цирк еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. XVIII ғасырдың соңында ағылшын шабандозы Филип Астли қазіргі аренаны, нақтырақ айтсақ, диаметрі 13 метрлік шеңберді ойлап тапты. Дәл осы шеңберде аттарға трюктарды орындау ыңғайлы болатын. Адамдар циркке сиқыр әлеміне сапар шегіп, акробаттар мен аңдардың естен кетпес өнерін тамашалап, бойын сергітіп, демалу үшін барады.

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық қан доноры күні. Бұл күні ауыр дертке шалдыққан немесе түрлі апатта зардап шеккендердің, ауыр патологиямен туған нәрестелер мен көп қан жоғалтқан жүкті әйелдердің өмірін құтқару үшін қан тапсыратын жандарға құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ, қан құю станцияларында тынымсыз еңбек ететін дәрігерлер мен қызмет көрсетуші персоналдың да төл мейрамы. Олардың міндетіне қан алудың заманауи әдістерін әзірлеу және препарат дайындау, аппаратураны тексеру, зертханалық зерттеулер кіреді. Бұл мерекеде қоғам донор болып жүрген адамдарға айрықша ризашылығын білдіреді.


Сондай-ақ, бүгін Қытай тілі күні тойланады. Жазбаша қытай тілі – әлемдегі ең қиын әрі күрделі тілдердің бірі. Мереке 2010 жылы бекітілген. Бұл күн қытай жазуының негізін салушы, мифтік Хуан Ди императоры тұсында тарихшы болған Цан Цзеге арналған. Цан Цзе ойлап тапқан пиктограммалар жинағы кейіннен иероглифтерге айналыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу