26.03.2023
  215


Автор: Әсерлі әңгімелер

Нәпсінің құрбаны - 9 бөлім

Үй болған соң ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды. Кейде ұрсысып қаламыз кейде, жақсы жүреміз. Бірақ оның түнгі ләззаты тым дөрекі еді. Миға қонбайтын нәрселерді жасатып, көп қинайтын. Еркекті ұстап тұратын осы ғой деумен шыдап жүрдім. Кейін енемнің де мінезі шыға бастады. Басында ажырасқансың деп, бетіме басып жүруші еді. Ал қазір баламды қанағаттандырмайды екенсің деп, маған шүйлігіп жүрді. Күйеуімнің осы әрекеті ұнамайтын. Мамасының баласы, не болғанның бәрін шешесіне жеткізіп отырады. Түнде бір айтқанын дұрыс орындамай қойсам шешесіне барып жалоб айтады. Мен бұған мойынсұнуды жөн көрдім. Бұл да бір сынақ қой, балалы болған соң бәрі реттеледі деп жүрдім. Алайда жарты жылдай уақыт өтті. Әлі де бала жоқ. Күйеуім екеумізде емделдік. Ол да мен де жеке консультацияға қатысып, дәрігерге қаралып жүрдік. Бірақ түк шықпады.

Бір жылдан аса уақыт өтті. Әлі ешқандай бала жоқ. Бұған күйеуім мен енем шыдамады. Бар кінә сенен деп, маған жекуді шығарды. Мен не істеймін? Алла бермесе мен не істей аламын? Содан екі жақ келісіп, өзіміздің ризалығымыз бен ажырасуға бекіндік. Солай екінші рет қайтып келген қыз атанып, үйіме келдім. Әкем жұмыс істеме, үйде отыр деген соң ешқайда шықпай анама қолғабыс қылып, бауырларымның сабағына жәрдемдесіп біраз уақыт жүрдім.

Интернеттен біраз ақпараттар ақтарып, бала көтермеудің себебі деп, қаншама күн түн көзім талып көріп шығатынмын. Алайда дым нәтиже жоқ. Неге бұлай болып жатқандығы жаныма қатты батты. Ешқашан сәбилі бола алмаймын ба, деп өзіме неше түрлі сұрақтар қойып, іштей өксік өртеп барады. Мүмкін жарқын болашақ күтіп тұрған болар. Мен ештеңеден үміт үзбеймін. Бәрі де жақсы болады деп, өз өзімді жұбатумен келемін. Болмайтын нәрсе емес шығар. Әлі 25 ке де толмадым. Мүмкін болып қалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу