20.03.2023
  527


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 2 бөлім

Үсті басы жұлма-жұлмасы шыққан. Құдды бір орманда адасып шибөрілермен шайқасқандай. Ентігін баса алмай әбден шаршап-шалдығып әрең есіктен кіріп анасын құшақтап еңкілдеп жылап жіберді.
- Қызым-ау, саған не болды? Мына түрің не? Кел отыршы мұнда.
-Әпке, міне су ішіп алшы. Саған не болған?
« Анашым» -деп, әрең сөйледі. Өксігін баса алмай етегі жасқа толып жылағаны-жылаған. Әсем мен Айсара екеуінің көздері бір-біріне түйісіп Сабинаға не болғанын сезіп тұрғандай. Алайда жағдай олар ойлағандай болмай шықты.
-Қызым, жетер енді. Жылауыңды доғар. Дереу жинал. Полицияға барып арыз жазамыз.
- Анашым сіз бәрін білесіз бе? Сіз бұлай боларын білдіңіз бе?
- Нені білуім керек еді?
- Мені алып қашып кетерін білдіңіз ғой, иә?
- Не дейді? Сені біреу алып қашты ма? Қызым-ау, соны ертерек айтпайсың ба? Мен сенің абыройыңды біреу аяққа таптаған екен деп зәрем қалмады ғой.
- Өткен жолы сіз айтып жүрген, ауылдағы танысыңыздың ұлы мені күштеп алып қашып кетті.
- Сен сонда ол жақтан қашып кеттің бе? Сенің денің дұрыс па? Жасың болса жиырма жетіге келді? Неге қашып кеттің? Ол жігітті танисың, бөтен жер емес. Неге бұлай жасадың?
- Менің тұрмысқа шыққым келмейді.
- Неге? Не үшін?
- Сізді қимаймын анашым! Біз кетсең сіздің күніңіз не болмақ? Өмір бақи жападан-жалғыз не істейсіз?
- Өмір бақи деген сөзіңе келіспеймін. Сөз бар ғой:
"Жарлы - деп айтпа, Пайғамбарға сөз тиеді,
Жалғыз - деп айтпа, Құдайға тіл тиеді" - деген, жалғыздық, Құдайға ғана жарасқан. Мен жалғыз емеспін. Жанымда бауырларым, әкеңнің туыстары бар. Екі балам көбейіп төртеу болады емес пе?
- Біз сізге қарыздармыз. Осы күнге дейін біз үшін өмір сүріп келдіңіз. Ендігі кезек біздікі.
-Сендер тұрмысқа шығуларың үшін мен өлуім керек пе? Мүмкін сонда екеуіңде тұрмысқа шығарсыңдар?
- Анашым, олай демеңізші. Мен сізді жанымнан артық жақсы көремін. Жарайды тұрмысқа шық десеңіз шығайын. Ең бастысы сіздің аман болғаныңыз.

-Бірінші бақ- Бақ, екіншісі сор бақ... деген. Ақ босаға аттап, ақ орамал жабылған соң сол жерде қалуың керек еді. Ендігі жағдайың не болар екен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу