02.03.2023
  173


Автор: Рамазан айы

Құтты болсын, Рамазан

Құтты болсын, Рамазан келіп жеткен,
Гүл көктемдей әр жанды күлімдеткен.
Рамазанда орнасын бар жақсылық,
Әрбір таңы шуақты, нұрын сепкен.

Жанымызды тазартар Рамазан бұл,
Жақсысымен ғажайып сыйласын үн.
Отыз күнде молынан сауап алып,
Жабырқаулы жанымыз жайнасын бұл.

Шуақ шашсын аспанда күн күлімдеп,
Рамазанда жүріңіз сіз күлімдеп.
Ізгі ниет,  тілектер қабыл болып,
Рақым айы сыйласын шад күнін тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу