02.03.2023
  219


Автор: Рамазан айы

Құтты болсын Рамазан рақым айы

Құтты болсын Рамазан рақым айы,
Құлшылықтар,  дұғалар қабыл болып.
Жаратқаным жар болсын баршаңызға,
Әрбір үйге таусылмас бақыт қонып.

Рамазанда жайнасын бар айнала,
Тыныш болып еліміз, жерімізбен.
Тілсіз жаудан әрқашан сақта Құдай,
Бар жақсыны орнатып елімізде ең.

Рамазаннан жетейік Рамазанға,
Көңіліміз жайдарлы,  нұрға толып.
Қасиетті Рамазан қабыл болсын,
Рақым айы ән менен жырға толып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу