Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  533


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Қарындасқа тілек

Қасиетті атпен, берілген несібіңе
Мен ғашықпын әуелден есіміңе
Сыйлыстық касиеттен айырмағай
Береке берсін Алла кәсібіңе


 


Жүзіңнен байқалады нұрлы кескін
Қолымнан келгеніме жоқ демеспін
Алға қарай қадамың айқындалып
Кескілемей құдайым жолды ешкім


 


Құтты болсын туған күнің қызғалдақ
Тілек айтам ішімдіксіз қызға арнап
Жүріп өткен көшелерден біздердің
Сырлас атты сырнайлана із қалмақ


 


Тілекшіңмін қашанда бақыт тілер


Төлегенің бұйырсын бірге жүрер
Мұңлы күндер азалап теріс кетер
Күндер келсін есіктен шаттық күлер




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу