Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  107


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Ақылдым

 


Ақылдым


Қалың қалай?


Қоя көрме бұл сұрақты қабылдамай


Мазаламай жүрейін дегеніммен


Жазылады әріптер абайламай


 


Ал ары қарай


Ары қарай білмеймін не дерімді


Білгім келед сенің барлық дерегіңді


Жүрек қалап, ақыл қой деп


Білмей жүрмін қайсысына сенерімді


 


Не дейін?


Тіпті білмей жүрмін ау не керегін


Біле алсам ғой болашақ не керегін


Жарым болсам деймін ғой орамалды


Шаршап келсем дайындар келешегін


 


Өзің біл!


Өзің айтшы ақылдым шешіміңді


Аша ғой рұқсат етте есігіңді


Қаламасаң қарапайым белгі қалдыр


Сенің айтқан жауабың кешірімді


Балдай тәтті жарқыным өміріңе


Қаламасаң тигізбейін кесірімді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу