Өлеңдер ✍️

  25.02.2023
  915


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Қараусыз қалған қария


Көп жасаған қария-ай,


Ақылы, ойы дария.


Қоңырау шалып өтінді-ай,


Қарттар үйіне жеткіз деп, 2- рет


Шешімге келіп бекінді-ой.   


            Естігенде бұл жайтты-ой,


            Қайысқандай қабырғам.  


            Жебедей тулап сансыз ой,     2- рет


            Мұндандым жаным жабырқап.  


Сексеннен асқан қария,


Айтқан сөзі салмақты-ой.


Әнгімесін тындасан,


Шежіре тұнған жан-жақты-ой.


Сұрағанда мән-жайды-ой,      2- рет


Егіліп тұрып жылады-ой,


Тістегендей бармақты-ой.


            Қамығып жүзі тұр еді-ой,


            Жанардан жас шықпады-ой.


            Бүлкідей соға бастады-ой,


            Тас боп қатқан жүрегі-ей.


            Ақтарды бар іштегісін, 2- рет


            Табылардеп бір емі-ей.


Сырты бүтін болғанмен,


Жүрекке түскен жарасы.


Қатпар, қатпар жүрегі,


Ішінде мұң наласы.


            Жалғызы өтіп өмірден,


            Перзентсіз өткен пенде емес.


            Қосағы озып өмірден,      2- рет


            Қараусыз қалған жан екен.


Уыз сүтті емізіп,


Мәпелеген, өсірген.


Үш ұл, бір қыз бар екен.


Қамқорлығы жоқ мүлдем.


            Мансап қуып,


            Дүние, байлық жинаған.


            Бірі заңгер, бірі сот,


            Әділдікті қорғаған.


            Қарттар үйне барасын деп,


            Қатал үкім шығарған.


Ұлдан үміт,


Қыздан қайыр болмаған.


Ұядан ұшқан балапан, 2- рет


Ұяға келіп қонбаған.


            Қайтейін амалым жоқ, неғылайын.


            Қарттар үйін панағып, дем қылайын.


            Тағдырдын қалағаны осы болса,         2- рет


            Қайғыдан осы жерде көз жұмармын.


Жетімін бабаларым жылатпаған,


Жесірді, жесірдеп те сынатпаған.


Ошақ отын сөндірмей,


Қарттарын еш уақытта қанғыртпаған. 2- рет


            Айналайын ағайын,


            Қарт қазына байлығын.


            Тіршілікте құрметпен,  2- рет


            Аялауын парызын.          




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Танжарық
Танжарық 27.02.2023 15:32
Жоғары денгейде жазылған өлен екен, орындауыда керемет. Әлі талай жақсы туындылар шығаратыңына күмәнәм жоқ.
Нұрайым
Нұрайым 27.02.2023 15:20
Өте маңызды мәселені көтеріп отырсыз. Өлен жолдары өткір, үлкені мен кішісінде ойландырып, дүрыс жол сілтейді!!!
Қайсар
Қайсар 27.02.2023 12:37
Керемет орындайды!!!
Қайсар
Қайсар 27.02.2023 12:36
Әдемі, терең және жанды сөздер. Әнші керемет орындайды?
Жанар
Жанар 27.02.2023 10:10
Керемет айтылған,мағынасы зор шығарма, өте өзекті мәселе. Авторға көп рақымет осындай тақырыпты қозғап, жүрегіндегі мұңмен бөліскеніне!
Сауле
Сауле 26.02.2023 22:32
Түсінген адамға жететіндей, әсерлі туынды екен, Айтбек Рымбекұлы. Қаламыңыз қарымды болсын. Жазар түындыларыңыз таусылмасын!
Әл-Мұқан
Әл-Мұқан 26.02.2023 17:09
Керемет! Қазіргі қариялардың қадірі қалмаған заманды дәл сипаттапсың
Әділжан
Әділжан 26.02.2023 14:39
Айтеке керемет шыққан екен. Кәзіргі заманның проблемаларының бірі. Қарияларымыз аман болсын
Мыңбаева Ж. У.
Мыңбаева Ж. У. 26.02.2023 14:35
Өте маңызды тақырып,ой қалдырды.Қаламыңыз ұшқыр болсын!
Ләйлә
Ләйлә 26.02.2023 13:21
Айбек аға, әніңіз құтты болсын! Өте өзекті мәселені көтердіңіз! Жүректі тебірентетін сөздер..еріксіз жас та алдым..Рақмет сізге!
Оқырман
Оқырман 26.02.2023 13:15
Жақсы жазылған екен. Өзекті мәселені көтеріпсіз. Қаламыңыз ұшқыр болсын!
Нұрлан
Нұрлан 26.02.2023 13:05
Айтеке, әніңіз сай-сүйегіңді сырқыратады. Қазір осы жайт көбейіп барады. Қоғам болып оған бір амал жасамаса болмас. Жаңа ән құтты болсын!

Пікір жазу