13.02.2023
  335


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз келді мінеки (нағашы)

Наурыз келді мінеки,
Құтты болсын нағашы.
Жиендерді қолдайтын,
Жандардың ең дарасы.

Көңіліңіз шад болып,
Әр наурызға жетіңіз.
Ұлыс оң боп нағашы,
Асулардан өтіңіз.

Отбасыңыз аман боп,
Бақ сыйласын әр көктем.
Тыныш, бейбіт заман боп,
Күн көп болсын нұрлы еткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу