Өлеңдер ✍️

  06.02.2023
  442


Автор: Аңсар Бақытжанов

Бұлданбағын, бұлданба.

Куплет 1


Түймедейге, болмашыға бұлданба,


Суып қалар ара біздің содан да, 


Түймедейге бұлданам деп сен өзің,


Түйедейін көріп қалма бұданда. 


 


Бұлданбашы болмашыға сен жаным бүгін,


Шығып жатыр сенің ғана тек маған үнің,


Мен шыдаймын ондайыңа жаным-ау, менің 


Сен шыдамай, 


Тыныш болмас күнменен түнің. 


 


Кайырмасы:


Бұлдануға себеп болар тағыда, 


Үнсіздіктің атып кетті таңы да, 


Айтшы неге бұлдандың сен, жаным-ау, 


Жолатпай ау , қашатындай жаныңа. 


 


Бұлданудың себебі де болады, 


Шыдамның да шегі бар ғой, толады, 


Шыдамды да бағалашы асылым, 


Шыдам гүлі ерте-кешпе соладыыы. 


 


Куплет 2


Қадірімді ұғып қара жарай ма?! 


Саған айтқан әр сөзімді сарала, 


Соғып тұрған жүрегімді жаным-ау, 


Боямашы тас жүректей қараға. 


 


Сол айтарым бұлданбағын, бұлданба, 


Сол айтарым ренжей берме маған да, 


Мен ренжетсем кешір мені жаным-ау, 


Сен ренжітсең кінә тағам саған да. 


 


Кетпесе егер ақау менен алайда, 


Өзіңдікін түсініп қара қалайда! 


 


Кайырмасы:


Бұлдануға себеп болар тағыда, 


Үнсіздіктің атып кетті таңы да, 


Айтшы неге бұлдандың сен, жаным-ау, 


Жолатпай, қашатындай жаныңа. 


 


Бұлданудың себебі де болады, 


Шыдамның да шегі бар ғой, толады, 


Шыдамды да бағалашы асылым, 


Шыдам гүлі ерте-кешпе соладыыы. 


Аңсар Бақытжанов 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Арман
Арман 07.02.2023 13:12
Ұнады!

Пікір жазу