Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  128


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Торғайым

 


Күз кеп киді, сары көйлегін
тал-қайың,
Қорғансызды, қайтіп, қалай
қорғаймын?
Бұтақтан бір бұтақтарға секіріп,
Жылу таппай, тоңған титтей
торғайым.
Болғандай әнші, табиғат жанын
сиқырлап,
Аспаннан, жерден, әртүрлі әуен,
күй тыңдап.
Торғайым, күзгі суық желдің
өтінде
Азық таппай, ашығып жүрме
шиқылдап…
Дән аңсаған, тағдырыңды жыр етем,
Лүпілдеген жүрегіміз бір екен.
Кіп кішкентай шырылдаған
торғайым,
Ата анаң сенің қайда адасып
жүр екен?
Балапаным,
“бақыттыға” сор дайын,
Жел өтінен жапырақ боп қорғайын.
Мынау шексіз әлемдей ұлы ұядан
Жылу таппай, тоңып ұшқан
торғайым.
Өмірді ән деп, жаңылысқан
торғайым!…
12/X-1991 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу