28.12.2022
  415


Автор: Сейітқұл Оспанов

КІЛТ ПЕН ҚҰЛЫП

Бір күні Кілт құлыпқа былай деп мақтанды:


– Менің өмірім рақат, күндіз иемнің қалтасында жүремін. Түнде жып-жылы бөлмеде шегеде ілулі тұрамын.


Ал сен ше? Ит секілді күндіз-түні есіктің аузындасың. Қыста аязда, ища-ай, тоңып-жаурайтыныңды айтсам, төбе шашым тік тұрады.


Құлып:


– Қой, асқақтама, екеуіміздің жұмысымыз бір ғой, – деді. – Жоқ. Мен сенен артықпын!


Мақтана-мақтана Кілттің аузы қисайып кетті. Таңертең үйдің иесі есікті құлыптамақшы болып еді, құлыпталмады. Кілтті әрі сұқты, бері сұқты, нәтиже шықпады.


– Қап, не болған! Ауыстыру керек...


Ол сөйтті де көп ойланбады, атауызбен шегелерін суырып, құлыпты есіктің жақтауынан алып, далаға тастады. Ізінен кілтті де лақтырды.


Қасына топ етіп Кілт түскен кезде құлып қырылдап былай деді: – Кеше бекер мақтандың. Міне, арты не болды. Далада қалдық... Кілт күмілжіді.


– Қайдан білейін...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу