28.12.2022
  476


Автор: Сейітқұл Оспанов

ҚҰЙЫН МЕН ЖЕЛ

Құйын сарайдың артынан шаңдатып шыға келді де, талдың түбінде тып-тыныш демалып жатқан Желге былай деді:


– Міне, мені көрдің бе, жаздың ыстығында да тынығуды білмеймін, сонау қырдан ауылға жетіп келемін де, қора аралап, би билеймін. Мың бұралып жүремін, төбем – көкте, аяғым – жерде. Ал сен мен құсап жұрттың көзіне көрінбейсің, ел сенің барыңды да, жоғыңды да сезбейді.


Жел миығынан күлді.


– Неге сонша екпіндейсің? Мың бұралып би билеп жүргенің менің арқам. Ақылың аз екен. Саған қанат беретін мен емес пе? Емін-еркін даланы кезсін десем, ал сені, өкінішке қарай, үнемі күл-қоқыстан көремін. Шөп-шаламға шүйлігіп жүргенің. Шаң-тозаң көтересің. Біреу әлдекімге күйінсе: «құйын мінез» дейді. Осы жақсы ат па? Ал олардың мен жөніндегі пікірі жақсы: «қоңыр самал» дейді. Мен жуас емеспін. Егер ашулансам, көк дауылға айналам. Осыны біліп қой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу