02.12.2022
  222


Автор: Фариза Оңғарсынова

«СӨЗ ТАПҚАНҒА ҚОЛҚА ЖОҚ»

Есалы деген əзілқой кісі бір құрдасының үйіне келеді. Үй-іші мал сойып, шай қайнатады, дастарқан жайылады. Күні бойы нəр татпаған Есалы ұсақ бауырсақты үшеуден, төртеуден аузына салып, шай ішіп отырады.
Шай құйып отырған құдашасы Есалының бауырсақ жеуін мысқылдап: «Сіздің елде қойды қораға қамарда бірден айдай ма əлде топтап айдай ма?» – депті. Бұл қалжыңға Есалы дереу: «Ірі болса, біреуден, ұсақ болса,
үшеу-төртеуден айдаймыз», – деп жауап беріпті.
Міне, Есалы əзілмен қалай ұтқыр жауап берген. Қандай жағдайда да мүдірместен, сөз тауып айтатын, əзілге жүйрік, сөзге шешен адамдармен ешкім жөнсіз айтысып-тартысып сөз таластырмаған. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп бірден жеңілгенін мойындайды екен. Ондай адамдардың сөздері ел арасына аңыз боп та тараған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу