Өлеңдер ✍️

  28.11.2022
  194


Автор: Сүндет Сейітов

Махаббат

Ертең-ақ жырға толы бұл күн елес,
Жауыннан қорғаман бұлтым мені еш.
Тоятсыз, махаббатсыз адам үшін,
Секссіз ғашық болу мүмкін емес!

Жүрегім содан менің қан жылайды,
Алғысың болса маған, арзымайды!
Мәжінүнге махаббат қайғы болса,
Махаббатсыз адамға қаржы қайғы...

Адамның сейілмейді бұл күмәні,
Әйтеуір келешекке ұмтылады.
Түсінде ақ парақтай жыртылады,
Өлеңі ұлы ақынның ұйқыдағы.

Сезімің жалған болса, бір түнге ерер,
Шынайы қойылымды бір күн көрер.
Өлеңдегі Мәжнүнге жаным жылап,
Өмірдегі рөліне күлкім келер.

Желкемнен бір күндері сөз ұрмасын,
Болмаймын бұл пәниге өзім масыл.
Сегіз дәуір адасқан махаббаттың,
Ал, ендігі өмірі - сегіз ғасыр!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу