Баталар ✍️

  18.11.2022
  1270


Автор: Жаңа жыл

Қоян жылы бақ берсін!

Есік ашып келген бұл,
Қоян жылы бақ берсін!
Әрбір үйге бақытын,
Қуанышын ап келсін!
Қоян жылы жақсылық,
Орнай берсін лайым!
Берсін Алла сәтті күн,
Күлім қағып күн, айың!
Жаратқаным жар болып,
Жақсы күндер жалғасын!
Уайым-қайғы беретін,
Қиындықтар болмасын!
Қоянның аппақ ақ қысы,
Жылы күнін арнасын!
Ал көктемі жайлы боп,
Су тасулар болмасын!
Жазы болса салқын боп,
Қуанышын арнасын!
Күзі келсін күлімдеп,
Көңілде мұң болмасын!
Қоян жылы жақсы боп,
Бар жақсысын арнасын!
Отбасы аман-есен боп,
Шаттығыңды жалғасын!
Бала-шаға аман боп,
Канаттары талмасын!
Биікке өрлеп лайым,
Қыран құстай самғасын!
Ел ертеңі күшті боп,
Ауру, сырқау болмасын!
Қазақ елі жанданып,
Көңілге нұр орнасын!
Жаңа жылдың ақ таңы,
Таба берсін жалғасын!
Жібек Искакова









Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айнар
Айнар 31.12.2022 16:01
Өте күшті баталар

Пікір жазу