Баталар ✍️

  18.11.2022
  570


Автор: Жаңа жыл

Келді қоян жылымыз

Он екі жыл айналып,
Келді қоян жылымыз!
Қоян жылы жанданып,
Өтсін әрбір күніміз!
Қуанышта әрдайым,
Күлім қақсын жүзіміз!
Жаңа жылдың ақ таңы,
Шаттығы көп күн берсін!
Жаратқаным жар болып,
Бақыты көп жыл берсін!
Қоян жылы баршаға,
Қуанышты үн берсін!
Қоян жылдың ақ қысы,
Жақсылыққа бастасын!
Шырай беріп гүл көктем,
Көңілге күй баптасын!
Жаздай жайнап жазымыз,
Ел үмітін ақтасын!
Алтын күздің ақ таңы,
Ауырудан сақтасын!
Қоян жылы жақсы боп,
Қайғы-мұңды тақпасын!
Тыныш болып еліміз,
Жақсы болсын жылыңыз!
Әр күн сайын жанданып,
Сәтті болсын күніңіз!
Жаңа жылдың шаттығы,
Өмірге мән берсін тек!
Балалардың тәтті үні,
Көңілге сән берсін тек!
Қазақ елі аман боп,
Жүрсін әркез күлімдеп!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айдай
Айдай 30.12.2022 18:19
Атын жылы

Пікір жазу