Баталар ✍️

  18.11.2022
  595


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылда ел жаңа!

Құтты болсын жаңа жыл,
Жаңа жылда ел жаңа!
Аман болсын еліміз,
Әрбір істен бақ таба!
Күлім қақсын жүздері,
Әрбір күні шаттана!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсылық орнасын!
Сәтті атар таң болып,
Қуаныштар жалғансын!
Жаңа жылда сіз үшін,
Ең жақсы күн таңдалсын!
Аппақ қыстың ақ таңы,
Өміріңе мән берсін!
Гүл көктемнің тәтті әні,
Көңіліңе сән берсін!
Жаздай жайнап жаныңыз,
Таусылмайтын ән берсін!
Алтын күзің бақ сыйлап,
Шырайлы атар таң берсін!
Жаңа жылдың күнінде,
Көңіліміз жай болсын!
Саулығымыз мықты боп,
Жақсылыққа сай болсын!
Аман болып балалар,
Жегендері май болсын!
Қазақ елі жанданып,
Шеттерінен бай болсын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу