Өлеңдер ✍️

  15.11.2022
  142


Автор: Жаңа жыл

Ақшақармен біз бірге

Ақшақармен біз бірге,
Жаңа жылды тойлаймыз.
Жақсылықты ойлап біз,
Ақ тілекті арнаймыз.

Ақшақарсыз жаңа жыл,
Болмайтынын білеміз.
Ақшақарды шақырып,
Оған құлақ түреміз

Жаңа жылды тойлайық,
Кел Ақшақар келсеңші.
Аяз ата қасына,
Әдемі боп ерсеңші.
Сыйлық берер атаға,
Көмегіңді берсеңші....
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу