Өлеңдер ✍️

  15.11.2022
  180


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылым ақ таңым

Жаңа жылым ақ таңым,
Көңілге күй беретін.
Шырқалатын тәтті әнім,
Өмірге сый беретін.

Жиырма үшім ашты есік,
Қоян жылын жетелеп.
Оң аяқпен бас десіп,
Бір-біріне еркелеп.

Жаңа жылым хош келдің,
Арайлы атар таңым боп.
Жақсы болсын деп келгін,
Жаңа жылым бағым боп.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу