Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  103


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Көпшілік жақсыларын танымайды

Оралға Тазабеков келген екен,
Жанына Тараздықтар ерген екен.
Мың алғыс айналайын Ботакөзге,
Әйтеуір экраннан берген екен.
Бір кешті өткізетін түніменен,
Халқын да сусындатар жырыменен.
Айтулы ақындарым бас қосқанда,
Шағын топ алдай салды гүліменен.
Ақындар Оралға із салып кетті,
Ғибрат азды-көпті алып кетті.
Мұхамбетжан киетін бір шапанды,
Шорабек әзілімен қағып кетті.
Бір үйде бас қосар-ау оңашада,
Сайрайды торға түссе томашада.


Жиналып алқалы топ қол соқпаса,
Ақынның шабытына жол ашама.
Көгімде қалықтаған қырандарым,
Бағыштап өздеріңе жыр арнадым.
Мұхамбетжан баламның маңдайынан,
Бір сүйіп бата беру бір арманым.
Жақсыны жариялар жақсы кайда,
Тап болдық бәрімізде тапшы жайға.
Көңілді желпіндіріп отырмасаң,
Көкірек рухани қақсымайма.
Уақыттың әрісі не, берісі не,
Мезгілдің аялдаса желісіне.
Он жыл бұрын батамды беріп қойғам,
Баламыз - Қосымбаев Мәлсімге.
Жақсыдан неге аяймын тілегімді,
Жеткенше бөліп берем жүрегімді.
Кездессем мейіріммен бір сүйер ем,
Қызымыз - Болтанова Жібегімді.
Білмеймін кімге айтамыз қолқамызды,
Жүретін жырға бөліп ортамызды.
Естуден есімдерін қалып жүрміз,
Дон-Еділ, Қатимолла, Шолпанымның
Өзін-өзі көрсетіп дараланбай,
Өнер таным өрісі сараланбай.
Жүрген жоқ па Ботакөз ақының да,
Жұмысы журналисттік бағаланбай.
Әркімге жаны мүлкі, малы қайғы,
Көпшілік жақсыларын танымайды.
Байлық қуған тоғышар ешқашанда,
Рухани азыққа жарымайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу