Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  98


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Бөрліге хош келдіңіз!

(Аудан әкімі С.Б.Еркебасвқа арнау)



Демейік біз ерте не кеш келдіңіз,
Әкім жігіт Бөрліге хош келдіңіз!
Халқыңызға жақындау болу үшін,
Бойыңызда болу шарт бес белгіңіз!
Бірсөзділік қасиет таптырмайтын,
Адам да көп тураны жақтырмайтын.
Психолог болу шарт әкімдерге,
Жағымпазға іздерін бастырмайтын.
Ел ішіне жатады тарап ақпар,
Әділ болу жарасар азаматқа.


Көп шешетін түйінді жалғыз шешу,
Дұрыс болмас халқына саралатпай.
Бере алса жүректің жылылығын,
Халқы таныр басшының ұлылығын.
Мұң
-мұқтажын шағынған қара халық,
Алдыңыздан шықпасын дымы құрып.
Әкім жігіт Бөрліге төрлетіңіз,
Қиындықта есейіп ер жетіңіз.
Атан түйе тарта алмас ауыр жүкті,
Өрге сүйреп танылсын келбетіңіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу