Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  109


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Өлең мен ғарифолла егіз ұғым

Ол дарын ұмытылмас ағып өткен,
Қанатын шырқау көкке қағып өткен.
Халқының қаумалаған ортасында,
Кезінде сауық-сайран салып өткен.
Көрінген көкіректен сағым ғұрлы,
Шырқаған әнші даусы сағындырды.
Шырқайтын көкшіл көзін ойнақшытып,
Айтса да қай өлеңді қағындырды.
Ағаның асқақтата салған әні,
«Нұржамал», «Жиырма беске» арнағаны.
Қүлаққа жағымды еді сол бір дауыс,
Тұратын әнге бөлеп сар даланы.
Көмейден ән сорғалап төгілетін,
Дала шырқап түрғандай көрінетін.
Әр адам өз Зәурешін есіне алып,
Аһ ұрып қабырғасы сөгілетін.
Шырқайтын әуелетіп, сорғалатып,
Тайпалтып, аяңдатып, жорғалатып.
Тартатын домбыраға тіл бітіріп,
Өлең де шығаратын болған ақын.
Ән шырқап, паң далада малдас құрған,
Мухит баба орынын алмастырған.
Ғарифолла ағаның әнішілігін,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу