Баталар ✍️

  04.11.2022
  181


Автор: Тәуелсіздік күні

Елдігімнің теңдігі

Жасай берші азаттық,
Елдігімнің теңдігі!
Жаса елім, қазағым,
Дархан далам кеңдігі!
Жасай берші бейбіт күн,
Білінбей ел кемдігі!
Жасай берші сыйластық,
Сыртқа теппей кемдіні!
Желтоқсаншы жастардың,
Есімізде ерлігі!
Тәуелсіздік жасай бер,
Беріп елге теңдіні!
Жасай берші Елтаңба,
Жанға беріп кеңдіні!
Әнұраным жасай бер,
Тұғырлы боп ел құны!
Ынтымағым жасай бер,
Төмендемей ер құны!
Қазақтығым жасай бер,
Белең алмай ел мұңы!
Тыныш болсын еліміз,
Тыныш болсын жеріміз.
Тәуелсіздік мәңгі боп,
Бұзылмасын теңіміз!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу