Өлеңдер ✍️

  18.10.2022
  428


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Ауыл жеңгелеріме

 


Қырық жанды аталған, іскер дарын,
Білгем сенде,, ғанибет күштер барын.
Баптап елді, жеңгелер, ағалардың,
Рейтинг-ін, қолдадың, түспеу жағын.



Әулет бағын көркейтіп, айналасын,
Қартын сыйлап, жас күткен, Ай-да басың.
Бәйек болып жүресің, бикеш-ау деп,
Ағамызға, жұп етіп сайлағасын.


 


Өркендету ұрпақты, киелі ісің,
Ұл-қыздарың бауырым сүйенішім.
Келін едің.
Келінге, келін болып,
Жалтаң қағып, жүрсің-ау, түйеді ішім!


 


Келін болса, өзіңдей асқан дана,
Жұлдыз жанар жерде де, аспанда да.
Елі сүйген енені, ол ренжітсе,
Бақ дарымас, басынған, қашқанға да.


 


Бақыт емес, өмірде, беттегі ірең,
Шынайылық сендерде, көкте білем,
Ауылдағы ибалы жеңгелерім,
Салиқалы, саналы шеттерінен.


 


Мейіріміңнен, жан жылы, киінеді,
Қалқалады өнегең, жиі мені.
Салтын сақтап, енеңнің жолындасың,
Құрметіңе, Алланың иігені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу