06.10.2022
  279


Автор: Қарттар күні

Қарттар күнімен

Қарттар күні бүгінгі,
Құтты болсын жан апам.
Саулығыңыз мықты боп,
Амандықта жүр апам.

Қарттар күні қуантсын,
Тақпақ айтып немере.
Өсіп, олар ержетіп,
Қуандырсын шөбере.

Отбасының тірегі,
Апа өзің әрқашан.
Жүрсін әркез өзіңе,
Тәнті болып барша жан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу