Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  126


Автор: Түрікмен поэзиясы

СЕКІЛДІ

Үй қасында тұрған төбе,
Ерттеулі атың секілді.
Алтын ойып салған бедер,
Жазған хатың секілді.
Дүние – теңіз түбі терең,
Түсіп кетер жол білмеген,
Мал-мүлікке қуанғанмен,
Аз нəубетің секілді.
Туғансызда қуат болмас,
Əйелсізде тұрақ болмас,
Баласызда шырақ болмас,
Күлкі-дертің секілді.
Жатқан жері жылан қойны,
Асылғаны иттің мойны,
Жаман ердің алған жары
Жанның қоры секілді.
Жарасына түз сепкендей,
Əурелікпен күні өткендей
Ер жігітке жаман қатын
Маңдай соры секілді.
Мақтымқұлы, надан адам
Елге күлкі болар əмəн.
Сөз қадірін білмейтін жан
Бір бұралқы ит секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу