03.10.2022
  89


Автор: Ертай Ашықбаев

ТЕРЕЗЕДЕН ҚАРАҒАНДА

Терезеден бақылап,
Қарайықшы тастаққа.
Жасыл емес жапырақ,
Тап-таза емес асфальт та.
Тап-таза емес...
Бұл қалай?
Бұл күтпеген жайт еді.
Сенгім келмей тұрғаны-ай,
Сыртқа шықсақ қайтеді?
Тұрмын сыртта бақылап,
Қызығамын тастаққа.
Жап-жасыл ғой жапырақ,
Тап-таза ғой асфальт та.
Барлығы да ғажап-ақ,
...Ұят мұным, әй, менің.
Сүртпеппін ғой тазалап
Тереземнің әйнегін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу