03.10.2022
  328


Автор: Ертай Ашықбаев

Суретші

Ең әуелі қорған салды,
Жан-жағына орман салды.
Содан кейін кеме салды,
Өзен жоқ қой —
Неге салды?
Сосын барып бұлақ салды,
Бас салған жоқ —
құлақ салды.
Құйрығы жоқ түлкі салды,
Тұяғы жоқ жылқы салды.
Ал, ал... олар өкпеледі:
«Мұның бізге жоқ керегі».
«Суретшіміз» тосылды шын,
Әкелемей ме... өшіргішін?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу