03.10.2022
  66


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖЫЛЫ ЖАҚТАН КЕЛГЕН ҚҰС

Ұштым,
ұштым...
Жалықтым,
Ал қонамын...
Шошыма.
Сағынып-ақ қалыппын —
Менің ұям осы ма?
Ұштым...
ұштым...
қанша күн...
Демалайын аз ғана.
Мен сендерді аңсадым,
Орман...
Көктем...
Жаз...
Дала...
Деп:
«Туған жер сүйікті-ақ»,
Жүрдім қанша қамығып.
...Алайын сәл ұйықтап,
Жапырақты жамылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу