Құнанбай Өскенбайұлы

Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау,Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. Ол кері кеткен кер заманның жанкешті жоқтаушысы болды. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түсетін беделді, көреген адам болған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: