Леонардо Ди Каприо

Леонардо Вильгельм Ди Каприо (ағылш. Leonardo Wilhelm DiCaprio; 11 қараша 1974 жыл, Лос-Анджелес) — америкалық актер.

«Титаник», «Жағажай», «Нью-Йорк бандылары», «Опасыздар», «Қолыңнан келсе, мені ұстап көр», «Қарғыс атқандардың аралы» және «Түп» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. 14 жасында актер боламын деп шешкен. Сол кездің өзінде 30-дан аса жарнамаға түскен. «Санта Барбара» хикаясының бірнеше серияларында да эпизодтық рөлдерде ойнаған. 1994 жылы өзінің талантының арқасында «Жылдам және өлі» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды. Оны әлемге әйгілі еткен «Титаник» фильмі болатын. Осы фильмдегі рөлі арқасында ол Голливудтегі жалақысы жоғары актерлердің қатарына қосылады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:
Автордың жарияланған шығармашылығы жоқ