Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Түсіне дүрбі кірген,Қарға мойнына дүрбі ілген.Дүрбіні бір күн ілген,Бір күн ілмеген.
Нау ма, дау ма?Нау да – дау,Дау да – нау.
Кеткен көк,Көптен көп,Қайтқан тек кек жоқ
Дәмегүл дән мен сән іздер,Дәмегүл дән мен дәм іздер.
Сиыр оқыралады ма,Суыр оқыраласты ма?Суыр оқыралай алмасаСиыр оқыраласады.
Мұртынан күлген жөн бе екен,Сыртынан күлген жөн бе екен?Сыртынан күлген езге тең!Мұртынан күлген оңды екен!
Басмақала,Баспаханада,Баспаханада,Басмақала.
Ескермес те, Естемес те,Есіл сөздерді ескермес пе?
Талда отырғанҚай құс?Таста отырған«Байғыз» деген байғұс.
Тастай ауыр ақ сақам,Ақ сақаммен жақсы атам.Жақсы атқаным емес пе,Ұлдарды зар қақсатам.
Тана тағып, тай мінген,Шапан жауып, нар мінген.Мал жинаған әркімненТабыскерге таңмын мен.
Өсер өркен өштеспейді,Өршеленген еш өспейді.Өштестірер өсекшілер,Өрекпіген өштестерді.
Намысшылды нашар нақыш налытты,Намыссызды найсаптығы найқалтты.
Оюға ою өрнектеп,Үйрет өстіп қолды ептеп.
Райхан, раушан реңділесРеңдестерім ренжіспес.Раушанның райханы,Райханның раушаны,Рахатта реңсізденбе.
Сұқсыр үйрекҰшқыр үйрек десек те,Тұмсығы үшкір үйрекСұқсыр үйректен күйрек пе?
Сәмбі тал -Иіліп тұрар.
Ізденгіш - ізшең.Ізшең - ісшең.Ізшең - іскер.Іскер - ісмер.
Ықыласты-ынталы,Ынталы-ықтиярлы.Ықтиярлы-ықтиятты,Ықтиятты-ықпалды.
ЫңғайсызыЫңғайсыз-ақ...Амал жоқТыңдаудайТыңдайсыз-ақ.
Шағала көл шетіне қонды,Қара қарға жол шетіне қонды.
Шоқ-шоқ гүл шоғыры,Ақ нұрға шағылып,Шыққа тұр шомылып.
Шөпті ішке үйгізші,Күрішті де түйгізші.
ШыңылтырКөкше мұзЖып-жылтыр.
Шықса шыңғаШыршалар шаншылып.Шүпірлеп шығыптыСайға сан шыбық.