Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Анама
Анамызды сыйлайық,Жақсы оқушы болайық.Үздік оқып сабақты,Кілең бестік алайық«Күншуақ» газетінеКүн нұрындай жарқырапШуақ шаштың, «Күншуақ».Білімнің..
© Сейтмағанбетова Жұпар
Кітап
Кітап оқу бұлағым,Оқытатын ұстазым.Кітапта бар даналық,Оқып біліп алайық.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Анама
Мәпелеп мені өсіргенРизамын мен өзіңе.Ана деген керемет,Сыйлап өтем өмірде.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Біздің сынып
Біздің сынып әдепті,Бәріне көмек береді.Біздің сынып әрқашанЖетістікке жетеді.Біздің сынып қашандаАлғашқы боп жүреді.Мұғалімдер барлығыБізді мақтан..
© Сейтмағанбетова Жұпар
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,Барлық әлем жаңарып.Осы тұрған халқымаБейбітшілік орнады.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,Тазалықты сақтайық.Гүл өсіріп, су құйып,Табиғатты қорғайық.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Күшік
Күшігім менің, күшігім,Үй күзетер пысығым.Үргені де шамалы,Тамақ берсең болғаны.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Наурыз көже
Наурызда бәрімізӘткеншек тебеміз.Жасымыз, кәріміз,Көп көже ішеміз.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ту
Көгілдір туым желбіре,Биіктерде қалықтап.Туым үшін мақтанам,Әнұраным шарықтап.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ана
Ана деп күнде ән салам,Ауылға бүкіл жар салам.Қуанту үшін анамдыКүнде-күнде «бес» алам.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Кітап
Кітап деген басыңдағы білімің,Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Көктем
Көктем болды алақай,Қуанар барлық балақай.Көктемде жаңбыр болады,Бақшаға гүлдер толады.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Туған жер
Кең далада жүремін,Бауырында ойнап күлемін.Мен жерімді сүйемін,Ол үшін отқа түсемін.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Лагерь
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.Жүгіреміз, секіреміз жарысып,Ән саламыз, би билейміз майысып.Сонда ылғи біз жеңеміз..
© Сейтмағанбетова Жұпар
Құстар
Құс ұясын бұзбаңдар,Балапанын алмаңдар.Құстар біздің досымыз,Обалына қалмаңдар.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Мен жерімді сүйемін
Мен жерімді сүйемін,Жеріме дән себемін.Ауа таза болсын деп,Жылда ағаш егемін.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Табиғат
Табиғат біздің анамыз,Жер–Ана біздің панамыз.Таза болса табиғатБіз де аман боламыз.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ағаш егу
Жақсылықты қолдаймыз,Табиғатты қорғаймыз.Гүл егеміз бақтарға,Айналасын қоршаймыз.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,Қамап қойдық қораға.Көк сиыр тұрды мөңіреп,«Қайда менің балам», — деп.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ақша қар
Ақша қар, ақша қар,Аппақ болып қонасың.Тоса қалсам қолымдыАлақаныма толасың.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Машина
Үлкен болып өскендеМашина алам мен де.Бірақ ол үшін әринеОқу керек күнде де.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Аяз Ата
Жаңа жыл келгендеҚуанып қарсы аламыз.Аяз Ата келгендеБилейміз, ән саламыз.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Туған күн
Туған күнім бола берсе,Қуанамын күнде мен.Үйге қонақ тола берсе.Шай жасауға үлгерем.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Балықтар
Су астында балықтарСазан, шортан, бекіре,Неше түрлі балық барШошытасың секірме.
© Сейтмағанбетова Жұпар