Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Алма туралы санамақ
Алма кеттi домалап,Коше бойын жағалап,Кiм алманы табады,Сол ойыннан шығады.
Күз
Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан – алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.
Күз тақпақ
Қарашы күз келді, күз келдіЖапырақ жауыпты іздерді.Құс біткен керуен тізеді,Қара бұлт қабағын түйеді.
Жер ана!
Сәлем саған жер ана!Сәлем саған нұрлы күн.Аман – есен болайықБейбітшілікті қалайық.
Табиғатым
Табиғатым тамашаКөз тоймайды қарасаТабиғатты аялапЖүрейінші жараса 
Қазақстан жалауы
Көк аспандай көкпеңбекҚазақстан жалауыКөк емес ол тектен – текЕлдің ашық қабағы.
«Жазғытұрым» тақпақ
Ой,балалар,балалар!Жылы-жылы жел соқты,Жылғалардан су ақты.Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.Жер қарайды-жаз кепті.Желкілдейді көк майса.Желіндейді мал..
Түйе,түйе,түйелер
Түйе,түйе,түйелерТұзың қайда,түйелерБалқан таудың басындаБалдыр қоян қасындаЕніп кеттім егіскеҚойным толды егіскеЖемісімді жерге бердімЖер жусанын..
Лақ
Жар басында жүреді,Тау басына шығады.Шапқылайды үнемі.Ақ ешкінің лағы.Алды-артына қарамай,Кезеді көл жағалай.Оның барлық мінезі.Ойынқұмар баладай.
Наурыз келді
Наурыз келді - жыл келдіТірілтуге гүлдерді.Сәнденеді аналарСәбилермен бірге енді.Наурыз келді, нұр келді,Түгел аймақ түрленді.Бақшадағы апайларТойға..
Наурыз тойы
Наурыз тойы - елдің тойы,Көктем тойы - төлдің тойы.Ән айтатын күні бойыЖақсы көрем Наурыз тойын!
Бақа
бақа бақа балпақбасың неге жалпақ?темір телпек көп киіпбасым содан жалпақбақа бақа балпақкөзің неге тостақ?көрінгенге көп қарапкөзім содан тостақбақа..
Отан- ортақ үйіміз
Туған жерде толамыз,Ертең жігіт боламыз.Отан- ортақ үйіміз,Көңілді ән мен күйіміз.
Өтірік өлең
Бір күні ірі Арыстан,Кешірім сұрады Балықтан.Балық мұны кешірмей,Жұлып алды қайықтан.
Өтірік өлең
Алыстағы Марсқа,Бақа қашып кетіпті.Тасбақамен жарыста,Қоян зорға жетіпті.
Өтірік өлең
Құмырсқа көлге шомылып,Құмға аунады жағада.Жазда қарға көміліп,Аққала соқты далада.
Өтірік өлеңдер
Жұмысымда жүр едім,Қонаққа Бақа шақырды.Көлге келсем су беріп,Аш қалдырды, қатырды!
Қызықты тақпақ
Пеш алдында мысық отырАлдап көзін қысып отырТышқан етін жегісі келіпоның тісі қышып отыр
Жаңа жыл
Келді тағы жаңа жылҚуантуға біздердіҚұтты болсын қуанышҚұттықтаймыз сіздерді
Аяз ата
Аяз ата аппақПеченьесі тәтті ақПеченесін көп берсеМен айтамын тақпақ
Аяз ата
Аяз ата келіп тұр,Бізге сәлем беріп тұр.Сақалының ұзыны-ай,Жұлып алсам шіркін-ай!!!
Наурыз келді
Наурыз келді алақай,Кел билейік балақай,Бізде қарап тұрмайық,Тойға шашу шашайық!ля-ля-ля-лятойға шашу шашайық!Той думанға келіңіз,Тамашалап..
Аю
Аю отыр партадаекі қолы қалтадаА дейді Б дейдіР-ға тілі келмейді
Әнші
Әтешке қарап ән салып,Әнші болған балапан.Әтеш болып шақырып,Соқшы, қане, алақан.
Наурыз самал
Наурыз самал, наурыз таң,Қалың орман ұйқысынан оянған.Сағынышпен қауыштырған жұптарды,Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.