Өтірік өлең туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 42

Өтірік өлең
Қасқыр отыр ағашта,Түйе қонды бұтаққа,Алатаудан әрі аса,Апорттарды жей ме екен?Аралардың балын жеп,Қандай тәтті дей ме екен?Қасқыр, алма жедің..
©  Баян Тіленшина
Өтірік өлең
Тарақандар домбырамен ән салды,Балақандар аузын ашып тамсанды.Ара, өрмекші гитарамен күй тартып,Келе жатқан Жаңа жылды қарсы алды.
©  Қалмаханбет Мұқаметқали
Өтірік өлең
Бір күні ірі Арыстан,Кешірім сұрады Балықтан.Балық мұны кешірмей,Жұлып алды қайықтан.
Өтірік өлең
Алыстағы Марсқа,Бақа қашып кетіпті.Тасбақамен жарыста,Қоян зорға жетіпті.
Өтірік өлең
Құмырсқа көлге шомылып,Құмға аунады жағада.Жазда қарға көміліп,Аққала соқты далада.