Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  183


Автор: Темірше Сарыбаев

ШҰҒЫЛАҢ НҰРҒА БӨЛЕЙДІ

Шұғылаң нұрға бөлейді,
Тасытып бойда қанымды.
Құмарлық құрғыр көбейді,
Жәукемдеп жазған сабырды.
Ойымды отпен тұсадың,
Жерге де қайтіп сыям мен?
Көтеріп көкке ұшамын
Көрінбес көзге қиялмен.
Сенімді серт қып ала шық,
Бір үзік бұлтты жамыл да.
Кетеміз айдан әрі асып
Алланың берген бағында.
Қатырып миын бастардың,
Жайылсын елге сол аңыз.
Шексіз де шетсіз аспанның
Айы мен күні боламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу