Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  78


Автор: Танакөз Толқынқызы

Кешегі жап жас өскін емеспін...

Кешегі жап жас өскін емеспін,
Құлатар тауды көшкін емеспін,
Өзімді өзім танымай тұрмын,
Ойлап қарасам ешкім емеспін.
Сүтке сызылған кескін емеспін,
Ешкім емеспін, ешкім емеспін.
Адыра қалған арманның бәрі
Ішінде жүріп бес күн елестің.
Бес күн жадырап, бес күн егестім.
Жатырында сол өстім егестің.
өскін ғұмырым, көшкін мінезім
Түбіне жетті бес күнгі кештің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу