Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  69


Автор: Танакөз Толқынқызы

Шығара алмай бір шумақ шуақ төккен....

Шығара алмай бір шумақ шуақ төккен,
Шабытымнан бұл күні қуат кеткен.
Ұлып жүрген жүрегім жай табар ма?
Өле салсам, шіркін-ай, құлап көктен.
Түк көрмейтін қоғамда түгесілдім.
Күйрегенін білемін күресімнің.
Атағанмен атыммен барлығының
Білем өшіп қалғанын бұл есімнің.
Жиітілдім өмірдің сорпасында,
Жаныма кел, жансыздан қорқасың ба?
өгейсіткен бұл қала білмей өтер
өлген адам жүргенін ортасында




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу