Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  150


Автор: Танакөз Толқынқызы

Сәлем бермеу... Сәлем алмау... Ерегес...

Сәлем бермеу... Сәлем алмау...
Ерегес...
Өмір мәнін түсінеміз неге кеш?
Мен кінәлі секілді ғып қарайсың?
Сағынышты Күз әкелді, мен емес.
Ала құйын бастайтындай төбелес
Сұр аспан ғой қалш-қалш еткен,
сен емес.
Құшақ-құшақ күрсінісі болмаса,
Махаббаттың беретіні көп емес.
Жүрек деген ерімейтін мұз емес.
Бізді айырған сен айтқандай Күз емес.
Сағыныштан өлген жан жоқ, бар болса,
Тотықұстар шығар, бәлкім, біз емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу