Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  113


Автор: Танакөз Толқынқызы

ҚАРА САҒАТ

Қабырғада ілінген қара сағат,
Жүргізіп тұр, қарашы, қара санақ.
Өміріңнің кетеді ол ұрлап бәрін
Жүргеніңде өзіңді бала санап.
Үлгермесең, ренжіме, күтілмейді.
Сен ажалдың бетіне түкір мейлі,
Шегерілмес ғұмырды санамалап
Қара сағат жүрегі лүпілдейді.
Қабырғада қайысқан қара сағат,
Қарашаны әкелді қара шанақ.
Буындырған уақытпен арпалысам
Өзімді-өзім қалмақ боп арашалап.
Бәйтерегі мезеттің аласалап
Минуттардан аламын жаңа сабақ.
Қанша минут өмірім қалғандығын
Неге айтпайсың, бірақта, қара сағат?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу