Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  79


Автор: Танакөз Толқынқызы

Тұзкелдігі биыл тағы күз келді....

Тұзкелдігі биыл тағы күз келді,
Сары жүрек жауып қалды құз белді.
өлең бізде оятқанмен мың сезім
сол өлеңде қалдырдық па біз белгі?
Құларыңда құшағына белестің
Жапырақ-ау! Кіммен ғана кеңестің?
Келмей-ақ қой, енді қайтып,күрең күз!
Сен білетін сойқан ақын емеспін.
Ойлама сен өзің жайлы айтар деп,
Көздеріңе тұнған шықты байқар деп.
Күзді көрсем айқай салғым келеді
Саған жазған хаттарымды қайтар деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу