Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  190


Автор: Рза Қунақова

БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА

Бөленер ерекше бір көңіл күйге,
Кездесіп қалсам егер бөбектермен.
Балалық базары бар осы үйде
Басымнан талай-талай мен өткерген.
Сондықтан қарап өтем қақпасына,
Ішіне кірсем де мен жол ашық тым.
Бақытты балалардың бақшасында
Бар онда еліміздің болашағы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу