Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
200
АҚ ТІЛЕУІ АНАНЫҢ
Құдай маған көрсетпесін қайғыңды,
Аман-сау жүр нала, пәле, жаладан...
Алдыма әкеп бермесең де Ай, Күнді,
Сенен, балам, айналмай ма жан анаң?!
Мағынасыз тұйықталып тағдырың,
Қараңғы түн қанат жайса қайтермін? –
Жалғызсырап қалмасын деп жан ұлым
Жаратқанға күн-түн арзу айтармын.
Тауқыметтен босамаса ғұмырың,
Кеудеңді тос мынау жарық күнге шат.
Қасіретің азаймаса, құлыным,
Өлең жаз да, көңіл шерін бір босат...
Ата-баба өсиетін тыңдасаң,
Көкірегіңнің ақ сандығын ашарсың.
Жарық күннің жақсылығын жырласаң,
Айналаңа алтын шуақ шашарсың!
Бар жиғаның жақсылыққа жаралып,
Жамшид сендік салтанатқа таңғалсын.
Атақ-даңқың ел ішіне таралып,
Қайда жүрсең, тілеуіңді оңғарсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter