Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  79


Автор: Исраил Сапарбай

САҚТАНҒАЙСЫҢ ТӨБЕТТЕН

Ит үреді,
Адам айқайлайды,
Сауысқан шықылықтайды,
Көгершін пырылдайды,
Шымшық шырылдайды,
Қораз қышқырады,
Ат пысқырады...
Қай-қайсысы да өзінше сестенеді.
Өзгелер деп ойлайды-ау сескенеді.
Мұндай әдет, өмірде,
көп болады әлсіз бенен осалда.
«Қорыққанға – қос көрінер» қашанда.
Шақырдым деп ұран қылған жақсы ма?
Батырмын деп сыр алдырған жақсы ма?
Сол үшін де дос іздеуге асықпа,
Кез боларсың жалтақтар мен жасыққа.
Адымыңды аңди жүріп әр басқан,
Ит те өзінше адамдармен арбасқан.
Төбеттер бар әрқилы –
Алды-артыңды аңдиды.
Ал қорқағы, мысалы,
Артқа дүмін қысады.
Итті көрсең шаптықпа,
Асықпа да аптықпа.
«Тоқта!» – де де тұра қал,
Ит пе, сен бе, –
Жасар екен кім амал?!
Ол сасады,
Сасқаны сол – қашады.
Әзір тұрса қос қолың,
Керегі не басқаның?
Ес жиярсың өзің де
Иттің көрсең қашқанын.
... Астыңда егер жығылып,
Біреу жатса мыжылып, –
Ол жеңіліп, сен жеңдің,
Өзіңе-өзің дем бердің.
Тұра салып қайта алысу не теңі,
Әділ болса, өз жөнімен кетеді.
Адам түгіл, төбетте де бар намыс,
Біле-білсең, сол ғой нағыз қорғаныс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу