Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  122


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Тынбайды. Тынбаймын.

Тынбайды. Тынбаймын.
Шегірткелер жырлады-ау бір, жырғаймын.
Өтіп жатыр жырдай күн,
Бірақ сенсіз құр қуаныш, құр қайғым.
Аңсаймын. Шаршаймын.
Мәні қайда сенсіз өткен барша айдың.
Қанып ішер бал шайдың –
Берері кім, бар болғаны қол шайдым.
Асқан кім, қашқан кім,
Бесіктегі баладан да жасқандым.
Жер-жегі шер, аспан – мұң,
Оу, тіршілік енді неңді жастандым?!
Жола ма! Өліара!
Мұнда, әттең, періштенің қолы ала.
Обал-ақ балаға,
Жанашыры қалғып кеткен молада.
Тынбайды шегіртке...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу