Өлеңдер ✍️
Көрерміз
Жылбысқа жайдың жұмбақтау сырын ұға алмай,
Келемін алғы қыраттарыма шыға алмай.
Алыптар сөзін жаттаймын зікір – құрандай,
Сетер елімді сақтаймын алтын тұмардай.
Ақындар жолын ториды қырсық мұншама,
Бұзады олар түнекті алған тұмшалап.
Есебін бере алмайды патша өмірге,
Сұраса сында құр өткендерден құм санап.
Сарсаңға салған саралы жандарды ғұмыр-ай,
Келмейді мүлде қатерлі күннің қыры жай.
Ақындық атын өзіне тағып жүрген бар,
Қой ішіндегі түйеге мінген ұрыдай.
Жүргендер қанша бір қырқаны да аса алмай?!
Жүргендер қанша арынын озған баса алмай?!
Ақындық атын айғайлап бір де айтпайтын,
Жүргендер қанша желмая мінген Асандай!!
...Теңсіздік бұлап кетпесін біздің күнді алғы,
Қосақ арасында өткізгендермен жылдарды.
Көреміз ертең:
«Жерұйыққа» бет алғанда,
Кім барды сонда,
Дәрмені кетіп кім қалды?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter