Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  129


Автор: Сәруар Қамаева

ШӘКӘРІММЕН СЫРЛАСУ

Шыңыраудан шыққан шынарым,
Ағызып жырдың бұлағын.
Сергелдең болған санама
Ақылдың айтшы тұрағын.
Құдыққа құлап шындығың,
Жасаған жұртқа құлдығың.
Зар төгіп, іште сыр бүгіп,
Ғұмырдың кестің кіндігін.
Көңілге қаяу салғызып,
Қолыңа қалам алғызып.
Жаныңа жақын жан таппай,
Жапанда жатқан жалғызым.
Тәңірдің болып тартуы,
Тағдырдың тиген салқыны.
Жазылар жырмен жан сыры,
Ұғарсың мендей жалқыны.
Сырғамның сырғып түскені,
Сезімнің суын ішкенім.
Жылдар бойы жинаған
Шығарып мұңды іштегі.
Төзімнің түріп түндігін,
Пенденің қылдым тірлігін.
Сырласар жан болмаса,
Түсінер дейсің кімді кім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу